Түркістан облысындағы білікті дәрігерлер Түркияға көмекке аттанады

Түркістан облысындағы білікті дәрігерлер Түркияға көмекке аттанады

Түркістан облысындағы білікті дәрігерлер Түркияға көмекке аттанады
ашық дереккөзі
Түркістан облысының бір топ дәрігері Түркияға шұғыл көмекке аттанады. Бауырлас елде 9 дәрігер медициналық көмек көрсететін болады деп хабарлады turkystan.kz. Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін. Ал, Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы университетінің оқытушылар құрамы бір күндік жалақыларын аударды. Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасы құрылған болатын.