Жаңалықтар

Қазақстандық төреші әлем чемпионатында қазылық етеді

ашық дереккөзі

Қазақстандық төреші әлем чемпионатында қазылық етеді

Қазақстандық төреші Айдос Ахметов жастар арасындағы «Әлем чемпионаты – 2023» додасында қазылық етеді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан волейбол федерециясына сілтеме жасап. Халықаралық волейбол федерациясы ҚВФ-на тағы бір халықаралық деңгейдегі Қазақстан төрешісінің бүкіләлемдік дүбірлі додаға, бұл жолы FIVB жалауы астында өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатына төреші болып бекітілгенін мәлімдеді. Шілде айында Бахрейнде өтетін дүниежүзілік біріншіліктегі халықаралық төрешілер сапына Қазақстаннан Айдос Ахметов ілікті. Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын қазақстандық төреші Юлия Акулова әйелдер арасындағы FIVB Ұлттар лигасында қазылық ететіні белгілі болды.