Қазақша мәзір сұрағандарды «фашист» деген дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Қазақша мәзір сұрағандарды «фашист» деген дәмхана басшылығы кешірім сұрады

Қазақша мәзір сұрағандарды «фашист» деген дәмхана басшылығы кешірім сұрады
ашық дереккөзі
Қазақша мәзір сұрағандарды «фашист» деп атаған дәмхана басшылығы кешірім сұрады деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. 5 ақпанда Алматыда «Динара» кафесіне барған қонақтарды кафе қызметкері қазақша мәзір сұрағаны үшін «нацист», «фашист» деп атаған. Артынша қару асынған адам оларды ғимараттан шығарып жібермек болады. Қонақтар қазақша қызмет талап еткені үшін құқығы бұзылғанын айтып, кафенің үстінен сотқа арыз берді. Қонақтар дәмхана әкімшілігінің үстінен «ұлттық алауыздықты қоздыру», «Азаматтарды тең құқықтылығын бұзу» баптарымен арыз түсірген. Алайда әстер қылмыс құрамы болмағанына байланысты қаралмайтыны хабарланды. «Динара» кафесінің қызметкері болған жайт үшін кешірім сұраған видеосын жариялады.
«Құрметті «Динара» кафесінің қонақтары! Менің тарапымнан болған түсініспеушілік пен айтылған сөздерім үшін кешірім сұраймын. Істеген әрекетімді ақтап алатын еш себеп жоқ екенін түсінемін және сол үшін қатты өкінемін. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп уәде беремін! – деді дәмхана әкімшісі видеода.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Azattyq.org//Rus.azattyq.org (@azattyq)

Дәмхананың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы екі тілде кешірім сұраған мәлімдеме жариялады. Онда қазақша мәзір дайындалып жатқанын жазған.
«Қызметкеріміздің теріс қылығы мен айтқан сөзі үшін кешірім сұраймыз, оған қатысты тиіс шара қолданамыз. Бізде екі тілде қызмет көрсетіледі. Осы оқиғадан бір апта бұрын ас мәзірін екі тілде дайындауға баспаға тапсырыс берілген болатын. Дәлел ретінде тапсырыс берген баспаға тиісті мәліметтерді ұсына аламыз» деп жазды дәмхана басшылығы.