Жаңалықтар

Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді

ашық дереккөзі

Ең жас мәжілісмен Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді

«AMANAT» партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың есімдері анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Тізімге ең жас депутат болып келген Мәди Ахметов енбеді. Мәди Ахметов бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ «ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.