Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өзбек жастарын ірі есеппен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өзбек жастарын ірі есеппен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өзбек жастарын ірі есеппен жеңді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан "Даму кубогы-2023" халықаралық турнирінде өзбек футболшыларын 3:0 есебімен ұтты деп хабарлады  turkystan.kz.

Александр Кузнецов жаттықтыратын ұлттық құрама жарыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші ойында Ресей жасөспірімдер құрамасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы қақпасына қазақ ойыншылары қатарынан Әбіл Ілияс, Темірлан Ағыманов және Виктор Лакеев гол соқты. Қазақстан жасөспірімдері келесі ойынын 9 ақпан күні Беларуське қарсы өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады.