Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды (ВИДЕО)

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде. Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.