Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсынды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсынды

Бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтті. Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Олардың ішінде Саяси кеңес мүшелері, Мәжілістің VII шақырылымының бұрынғы депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері және басқалар бар.

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде аз ғана уақыттың ішінде партия қоғамның жаңа сұраныстарына сәйкес өзгергенін атап өтті.

«Партияға түпкілікті трансформация жасап, құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық. Сөзден нақты іске көшіп, саяси алаңда да, қоғамдық жұмыста да барынша ысылдық, шыңдалдық. Шын мәнінде, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне, елдегі түбегейлі реформалардың қозғаушы күшіне айнала білдік. Ең бастысы, «AMANAT» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым халқымызбен бірге болды», - деді ол.