Жаңалықтар

«Жер сілкінгенде Түркияда болдым» – Ләйлә Сұлтанқызы

ашық дереккөзі

«Жер сілкінгенде Түркияда болдым» – Ләйлә Сұлтанқызы

Эфирден ойын-сауық бағдарламалар мен телесериалдарды, барлық жарнамаларды тоқтатты. Арналардың бағыты әртүрлігіне қарамастан, әрқайсысы бір-бірімен сигналдармен бөлісуде. Бұл туралы танымал тележүргізуші Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Жер сілкінгенде Түрік елінде болдым. Елдегі жағдайды әлемдік БАҚ болып, сағат сайын хабарлап жатыр. Мемлекеттік арналардан бөлек, әдетте, жарнамадан көз ашпайтын жекеменшік телеарналарға дейін, ту мен қара лентаны бірден логотиптың астына шығарып қойған. Камералар эпиорталықтарда алғашқы минуттарынан  қызмет атқарды. 5-ке бөлінген телеэкранның әр бөлігі #live режимде жүрді» деп жазды ол.