Құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық – Ерлан Қошанов

Құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық – Ерлан Қошанов

Құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық – Ерлан Қошанов
ашық дереккөзі
Партия Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде «AMANAT» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым халқымызбен бірге болғанын сөз етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз аз ғана уақыттың ішінде халқымызбен, қоғаммен бірге өзгердік. Партияға түпкілікті трансформация жасадық. Бұрынғыдай құрғақ уәде мен жалаң ұрандардан арылдық. Сөзден нақты іске көшіп, саяси алаңда да, қоғамдық жұмыста да барынша ысылдық, шыңдалдық. Шын мәнінде, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне, елдегі түбегейлі реформалардың қозғаушы күшіне айнала білдік. Ең бастысы, «AMANAT» партиясы қысылтаяң сәттерде әрдайым халқымызбен бірге болды», - деді Ерлан Қошанов.
Оның айтуынша, партияға түпкілікті трансформация жасалды.
«Бүгінгі «AMANAT» қандай партия? Додаға түскен партиялардың мүмкіндіктері бірдей әрі тең.  Біз өз күшімізге сенімдіміз. «AMANAT»-тың 800 мыңнан  аса мүшесі бар.Артымызда қалың қол тұр. «AMANAT» бір сайлаудың немесе бір науқанның партиясы емес. Біз 365 күн бойы, 24 сағат үзіліссіз, тынымсыз жұмыс істеп келеміз. Біз соңғы бір жылдың өзінде өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткіздік. Соның нәтижесінде тұрғындардан 200 мыңнан астам талап-тілек пен ұсыныс жиналды», - деді Партия Төрағасы.