Нан бағасын тұрақтандыру үшін 14 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Нан бағасын тұрақтандыру үшін 14 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Нан бағасын тұрақтандыру үшін 14 млрд теңге бөлінуі мүмкін
ашық дереккөзі
7 ақпанда Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлеуметтік нан» бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасады. Биыл әкімдіктердің деректері бойынша арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік - 308 мың тонна. Азық-түлік корпорациясының сату бағасын ескере отырып тоннасына 135 мың теңге, субсидия мөлшері тоннасына 45 мың теңгені құрайды. Бұл 13,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді талап етеді», - деді министр.
Оның атап өтуінше, тиісті бюджеттік өтінім Қаржы министрлігіне енгізілді. «Аталған іс-шаралар өңірлердің ұн тартатын кәсіпорындарын бидаймен 90 мың теңге белгіленген бағамен қамтамасыз етуге және тиісінше қолжетімді бағамен нан өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясына жергілікті атқарушы органдар жүгінген кезде қаражат бөлінгеннен кейін жоғарыда көрсетілген сомада шығындарды өтей отырып, бидай сатуды бастауға рұқсат беруіңізді сұраймын», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа.