Бізге бәсекеге қабілетті білім керек – Асхат Аймағамбетов

Бізге бәсекеге қабілетті білім керек – Асхат Аймағамбетов

Бізге бәсекеге қабілетті білім керек – Асхат Аймағамбетов
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының мүшесі Асхат Аймағамбетов «AMANAT»-тың кезектен тыс Съезінде сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz.
«Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ол үшін саяси реформаларды, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бізге бәсекеге қабілетті білім керек. Біз, Әділетті Қазақстан дегенде кейде оған тұтынушы ретінде қараймыз. Өзімен өзі бір заң немесе шешім арқылы Әділеттілік пен заңдылық пайда болатын сияқты. Ол тек Президент, Үкімет, Әкімдіктің жұмысы сияқты болып тұрады. Анығында олай емес. Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамның барлығы түгел жұмылдыруы керек», - деді бұрынғы Оқу-ағарту министрі.