Жаңалықтар

Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! – Еділ Жаңбыршин

ашық дереккөзі

Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! – Еділ Жаңбыршин

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршин «AMANAT»-тың кезектен тыс Съезінде ауылды көркейту керегін сөз етті деп хабарлады turkystan.kz.  «Егер біз, әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам құрамыз десек, онда ең бірінші ауылды аяғынан тұрғызуымыз қажет. Әділдік сонда ғана болады! Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! Жердің киесі мен Елдің иесінің қаншалықты маңызды екенін «AMANAT» партиясы өте жақсы түсінеді және соған қызмет етеді. Ұлттық болмысымызды сақтаудың, халқымызды тарыдай шашып алмаудың бір жолы, ол – ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осы мақсатты іске асыру үшін «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда жүйелі жұмыс істейді. Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол – ауылды көркейту. Ауылды ұмытпайық! Жүректерімізде де, ойларымызда да «Ауыл» деген сөз, тасқа ойылған ою құсап тұрсын!» - деді Еділ Жаңбыршин.