Автонесие үшін бәріне ақша бөлу мүмкін емес – Ринат Ғаппаров

Автонесие үшін бәріне ақша бөлу мүмкін емес – Ринат Ғаппаров

Автонесие үшін бәріне ақша бөлу мүмкін емес – Ринат Ғаппаров
ашық дереккөзі
Өнеркәсіпті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров халыққа автонесие беру төңірегіндегі ахуалға пікір білдірді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз алдын ала ескертіп, 5 күн бұрын не бәрі 761 орын болатындығын жария еттік. Өйткені жиналған қаржы 7,6 млрд теңге ғана. Соған орай, кредиттің ең жоғары сомасы 10 млн теңге болған кезде 761 орын ғана болады. Қазақстандықтарға автонесие үшін бәріне ақша бөле алмайтынымыз ескертілді. Бұл мүмкін емес», – деді Ринат Ғаппаров.
Осы ретте ол автонесиеге өтінім беру порталының жұмысындағы іркілеске қатысты да түсіндірме берді.
«761 адам тіркелгеннен кейін түймешік жарамсыз болып, қате деген белгі бере бастады. Бағдарламада нақтылық та болмады, онымен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бізге пікірлер мен ескертпелер алу қажет. Келесі жолы, мамырдан бастап ай сайын іске қосу кезінде мұның бәрін түзетеміз», – деді ол.