Астанада ер адам енесі мен жиенін өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Астанада ер адам енесі мен жиенін өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Астанада ер адам енесі мен жиенін өлтіріп, кейін өзіне қол салған
ашық дереккөзі

Астанада «Хабар» тұрғын үй кешенінде отбасылық жанжалдың арты үш адамның өліміне себеп болды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, орта жастағы ер адам құмар ойынға әуес болған. Үйіне келген ол әйелін өлімші етіп сабап, үйде отырған төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберген. Артынша енесін пышақтап өлтіріп, оқиға орнына полиция жеткенде, өзі жетінші қабаттан секірген.

«Таңғы бесте үсті-басы қан-жоса келіншек есігімізді қақты. Үйде күйеуі қатты ұрып-соққан екен. «Күйеуім ойынқұмар, есінен ауысты» дейді әйел. Одан қашып шыққан әйел үйдегі адамдарды құтқару үшін көршілерінің есігін қаға бастапты. Тек бірінші қабаттағы біздің пәтер есік ашқанын айтты. Мен киініп далаға шыққанымда, балконның жанында кішкене баланың мәйіті жатты. Басы жарылған, мәйіттің айналасы қанға толы», – дейді куәгер.
Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері полицияға алдымен ұрыс-керіс туралы шақырту түскенін мәлім етті.
«5 ақпанда 102 пультіне отбасыда жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядан.
Тұрғын үйдегі басқа азаматтардың айтуынша, кішкентай бүлдіршінді, енесін, артынша өзін өлтірген ер адам құмар ойынға әуес болып, қарызға батқан. Келіншегінің әке-шешесі бұл «қылығына» қарсылық танытқанда, ұрыс басталды дейді. Дегенмен отбасы сырт көзге тыныш болып көргінген. Көршілердің айтуынша, олардың үш баласы болған.