Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
ашық дереккөзі
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді деп хабарлады turkystan.kz. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады. Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.  width= ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.  width=