Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді деп хабарлады turkystan.kz.
Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.