Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарады

Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарады

Риддердегі ЖЭО тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарады
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығы тұтынушыларға 63 млн теңге қайтарады деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО прокуратурасы биылғы жылыту маусымында қайта-қайта ақау шыққан «Риддер ЖЭО» АҚ-ға қатысты тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта сол тексерудің алғашқы нәтижелері белгілі болып отыр. Атап айтқанда, халықты жылумен толық қамтамасыз етпеу және жылу беру сапасының нашарлауы фактілері анықталып, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментіне қайта есептеуді қамтамасыз ету бойынша қадағалау актісі жіберілді. Департамент басшысы бұйрығына сәйкес, Риддердегі жылу электр орталығы 21,7 мың тұтынушының 63 миллион теңге сомасында шығынын қайта есептеу арқылы өтеуі тиіс.
«Қайта есептеу үшін 23 қазан мен 30 қараша аралығы алынды. Себебі желтоқсан айынан бері тұрғындар жылу ақысын төлемеуде. Тұтынушылардың жылу ақысы қайта есептелді. Жеке тұлғалар үшін төмендетілген тарифті ақпан айындағы түбіртектерден көруге болады. Ал заңды тұлғаларға 15 ақпанға дейін есептеулер жүргізіледі», - деп хабарлады «Риддер ЖЭО» АҚ-дан.