Армения Түркия мен Сирияға көмек көрсетуге дайын
Армения Түркия мен Сирияға көмек көрсетуге дайын
Армения Түркия мен Сирияға жер сілкінісінің салдарын еңсеруге көмектесуге дайын. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Twitter-дегі микроблогында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Мен Түркия мен Сирияда көптеген адамдардың өмірін қиған жойқын жер сілкінісі туралы хабарды қатты қынжылыспен қабылдадым. Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Армения көмек көрсетуге дайын», - деді Н.Пашинян мәлімдемесінде.