Ақтауда 16 тұрғыннан 22 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Ақтауда 16 тұрғыннан 22 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Ақтауда 16 тұрғыннан 22 млн теңге алған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтауда 16 тұрғыннан 22 млн теңге алған алаяқ ұсталды. Ол адамдарды зейнетақы қорындағы жинағын ақшалай алып беремін және мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызамын деп сендірген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Өзін «Мейірбек» деп таныстырып келген Қарағанды облысының тұрғыны 46 жастағы әйел болып шықты. «Ақтау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерімен жедел іздестіру нәтижесінде 46 жастағы әйел адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4- тармағымен бірнеше рет алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген баспасөз мәліметте.