Ердоған Түркияда 7 күн ұлттық аза тұту күнін жариялады

Ердоған Түркияда 7 күн ұлттық аза тұту күнін жариялады

Ердоған Түркияда 7 күн ұлттық аза тұту күнін жариялады
ашық дереккөзі
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ердоған бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Түркия президенті Ердоғанның қолтаңбасымен жарияланған  шешімде «Елімізде 2023 жылы 6 ақпанда болған жер сілкінісіне байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жарияладық. Туымыз елде және шетелдік өкілдіктерде 12 ақпан жексенбі күніне дейін жартылай төменге түсіріледі" деп айтылды. Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністерінде 1651 адам қаза тауып, 11 мыңнан астам адам жарақат алды.