Жаңалықтар

«АМАNAT» партиясы Түркия халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

ашық дереккөзі

«АМАNAT» партиясы Түркия халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қошанов Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов аса жойқын жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті, Әділет және даму партиясының Төрағасы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. «Құрметті Төраға мырза және Әділет және даму партиясындағы әріптестеріміз, осынау қайғылы сәтте шынайы жанашыр көңілімізді жеткізе отырып, табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен отбасына оралуына тілектестігімді білдіремін. Бауырлас Түркия халқына сабыр мен төзімділік тілеймін», - делінген жеделхатта.