Өзбекстан Түркияға 60 құтқарушы мен арнайы техникалар жібереді

Өзбекстан Түркияға 60 құтқарушы мен арнайы техникалар жібереді

Өзбекстан Түркияға 60 құтқарушы мен арнайы техникалар жібереді
ашық дереккөзі
Өзбекстан Түркияға елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға шұғыл көмек көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша, Түркияға жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек және табиғи апат салдарын жоюға қатысу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің бір топ құтқарушылары жөнелтіледі», - деді баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Өзбекстан ТЖМ хабарлағандай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, гуманитарлық көмек көрсету және жер сілкінісі салдарын жою үшін ТЖМ-нің 60 құтқарушысы мен арнайы құтқару техникасы Түркияға жөнелтіліп жатыр. Еске салсақ, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,4 күшті жер сілкінісі болды. Көптеген қираулар салдарынан адамдар үйінді астында қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.