Жұма, 24 Наурыз, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Түркияда бүгін болған жер сілкінісінің салдарынан мерт болғандар саны мыңнан асты, кемі 7 мың адам жарақат алған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button