Шымкентте Білім басқармасының лауазымды тұлғасы ұсталды

Шымкентте Білім басқармасының лауазымды тұлғасы ұсталды

Шымкентте Білім басқармасының лауазымды тұлғасы ұсталды
ашық дереккөзі
Шымкент қалалық Білім басқармасының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық Білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы анықталды.
«Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындаған. Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне орай, өзге ақпарат жарияланбайды» деп жазды Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.