Жаңалықтар

Қарағандыда өткен футбол турнирінде төбелес болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қарағандыда өткен футбол турнирінде төбелес болды (ВИДЕО)

Футзалдан Қарағандыда өткен әуесқой турнирде ойыншы мен төреші төбелесті  деп хабарлады turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Беш» телеграм-арнасы жазды. 

Оқиға «Ақтоғай» және «Ер-таныбай» командалары арасында өткен матчында болды. Фуболшылардың бірі ойын ережесі бұзылған сәтте төрешінің әрекетсіздігі үшін наразылығын білдірген. Ал төреші бірден спортшыға тікелей қызыл карточка көрсетеді. Артынша ойыншы төрешінің мойнынан ұстап, тұншықтыра бастағанда, басына қатты соққы алған.

Кейін «Ер-таныбай» командасы жарыстан шеттетіліп, турнирден шығарылғаны белгілі болды.