Түркиядағы жер сілкінісі: мыңға жуық адам қаза тапты

Түркиядағы жер сілкінісі: мыңға жуық адам қаза тапты

Түркиядағы жер сілкінісі: мыңға жуық адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Түркияның оңтүстік-шығысында 7,8 балдық жер сілкінісінен қаза болғандар саны мыңға жуықтады. Ел президенті Тайып Ердоған мұны 1939 жылдан бері болы тұрған ең үлкен табиғи апат деп бағалады. Түркияның табиғи апат пен төтенше жағдай бойынша күрес басқармасы жер сілкінісі кезінде 40-қа жуық афтершоктың болғанын мәлімдеді. Ал Сирияда 380-ге жуық адам қаза тапқан. Қираған үйлер көп. Құтқарушылар әлі де болса құлаған үйлердің арасынан жарақат алғандарды, қаза тапқандарды шығарып жатыр. Түркияның Ішкі істер министрлігі елдегі маңызды деген он шақты қаланың зардап шеккенін айтты.