Өскемендегі мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

Өскемендегі мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады

Өскемендегі мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады
ашық дереккөзі
6 ақпан сағат 14:18-де Өскемен қаласы мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат түсті деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барған. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді.
«Объектілерді қарау және тексеру нәтижесінде қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - делінген хабарламада.
ПД мұндай құқықбұзушылықтар қоғамдық резонанс тудыратын және оның ықтимал салдарын ескере отырып, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.