Қазақстанда бұғы мүйізінен қанша табыс түседі?

Қазақстанда бұғы мүйізінен қанша табыс түседі?

Қазақстанда бұғы мүйізінен қанша табыс түседі?
ашық дереккөзі
Қазақстандағы марал өсіру шаруашылығы мемлекет қолдауына зәру. Экспорт нарығындағы бұғы мүйізі бағасы әлі төмен, сәйкесінше түсетін табыс та азайды. Мүйіз сатудан түскен табыстың жартысы бұғы өсіруге кететін шығынды жабады. Шетелдік көрмелерде Қазақстанның ұлттық бренді ретінде көрінетін сала туристердің арқасында ғана өмір сүріп отыр. Маралдың мекені – биік таулы аймақтар. Оларды неғұрлым табиғи мекеніне жақын жерде асыраса, соғұрлым оның мүйізі құнды болады. Ғалымдар бұғының жас мүйізі нағын эликсир екенін айтады. Қазақстанда мүйіз қанын ішеді, шомылады, одан бальзам жасайды. Мүйіздің өзін қайнатып, кептіреді, одан дәрі-дәрмек, биологиялық белсенді қоспалар дайындайды. Жануарлар үшін мүйізін кесу ауыр болғанымен, онсыз да өмір сүре береді. Қазақстанда марал асырауға ең қолайлы жер — Алтай тауларының шығыс беткейі, Белуха тауының етегіндегі Катонқарағай өңірі. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2021 жылы Қазақстанда шаруа қожалықтарында 8,6 мың бас марал тіркелген. Оның 94,4%-ы немесе 8 мыңнан астамы Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі. Облыста марал өсірумен айналысатын 18 шаруашылық бар. Олар жылына 5 тонна мүйіз шығарады (республика бойынша барлығы 5,3 тонна). Еnergyprom.kz-тің жазуынша, «Катонқарағай бұғы паркі» ЖШС – шығыстағы ең ірі шаруашылық. Оны Тамақтану академиясымен бірлесіп «Шығыс» эликсирін жасап шығарған ғалым, Республикалық марал өсірушілер палатасының төрағасы Нұрлан Тоқтаров басқарады. Марал қанынан жасалған бұл биологиялық белсенді қоспа өзінің емдік энергетикалық қасиеті үшін ғарышкер Талғат Мұсабаевтың тамақтану мәзіріне енгізілген.  width= Одан бөлек өңірде «Дамир», «Маралды», «Баян», «Долина царей» шаруа қожалықтары бар. Әр шаруашылықтың өзінің пантемханалары мен қонақ үйлері бар. Олар туристер мен сауықтыру курсынан өткісі келетіндерді шақырады. Соңғы бірнеше жылда облыста марал шаруашылығының өндірістік, шикізаттық бағыттан туризмге көшу байқалып жатыр. Шаруалар үшін мұндай шешім – марал басын аман сақтап, шаруашылықты жалғастырудың бірден-бір жолы. Шикізат кластерінің тиімділігі төмен болуының негізгі себебі — мүйіздің экспорттық бағасының төмендігі. Егер 2000 жылдардың басында бұғы мүйізінің бір келісі 1 мың АҚШ долларын құраса, соңғы бес жылда 200–280 АҚШ долларына ғана сатылды. Сатып алушылар негізінен – Оңтүстік Корея мен Қытай. Марал өсіру шаруашылығының өз шығыны да бар. Оларға тегін жайылым, үлкен қоршау, жемдеу, іріктеу және т. б. қажет. Бағалы субстрат — пантокринді дұрыс өңдеу үшін жабдық пен жеке шағын өндіріс қажет. ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, ҚР-да 2021 жылы бұғы мүйізін өндіруге кеткен шығын 144,1 млн теңгені құрады. Өндіріс шығындарының көрсеткішібір жылда сәл (6,8%-ға) азайғанымен, түскен пайдадағы оның үлесі жоғары деңгейде қалды (55,4%) Осы кезеңде марал шаруашылықтары 260,3 млн теңгеге мүйіз сатқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда (253,9 млн теңге) 2,5% -ға көп. Ал жыл сайынғы инфляцияны, девальвацияны және пандемия дағдарысын ескеретін болсақ, сату өсімінің динамикасы мүлдем теріс болды деп болжауға болады. Сала мамандарының бағалауынша, марал шаруашылығының рентабельділігі 8%-10% аралығында қалып отыр. Осыған орай, Қазақстанда көп жылдар бойы марал шаруашылығы мемлекет тарапынан субсидияланып келді.  width= Мемлекеттік субсидия көлемі үш есеге қысқарған Марал өсірушілер дағдарысқа ұшырағанын 2018 жылдан бастап айтып келеді. Оған себеп –  субсидияны бірден үш есеге қысқартқаны. Яғни бір басқа 41 мыңнан 10 мың теңге бөлінеді. 2020 жылға дейін бұл сала Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидияланып, пандемияның бірінші жылында мемлекеттік қолдау мәселелері өңірлік деңгейге көшті. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтындағы ресми деректер облыс шенеуніктерінің бұл ұлттық брендті қолдауға қалай қарағанын бағалауға мүмкіндік береді. 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен субсидия бұрынғыдай 10 мың теңге көлемінде бөлінді. Жалпы көлемі – 9 млн теңге. 2021 жылы марал шаруашылығы көмекті қажет ететін салалардың тізіміне мүлдем кірмеді. Былтыр субсидия көлемі 30 млн теңгеге дейін өсті. 2023 жылға мемлекеттік субсидия көлемін үш есеге, яғни 9,5 млн теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Соңғы үш жылдағы барлық экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыс билігі инфляция мен ұлттық валюта бағамының өзгеруін ескере отырып, қолдау көлемі өзгермеуі керек деп шешті. Сондықтан 2023 жылы тариф өзгеріссіз қалды: бір басқа 10 мың теңге. Бұл ретте ақша тек селекциялық-асылдандыру жұмыстарына жұмсалуы керек. Бұрын бұғы бағып-қағуға көмектескен (қоршау салуға, мал сатып алуға, т. б.) басқа қолдаулардың бәрі келмеске кетті. Марал өсірушілер туристерді қабылдауды ғана емес, сонымен қатар оларға косметологиядан бастап мүйізді микрокластерге дейін көптеген медициналық қызметтер көрсетуді үйренеді. Ауруханалардың веб-сайттарындағы деректерге қарағанда, ерте маусымда (мүйізді кесу кезінде) 2022 жылы ең ірі марал фермаларында тұру және емдеу құны бір адамға күніне 34–46 мың теңге аралығында болады.  width=