Жаңалықтар

37 жолаушымен Qazaq Air ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонған

ашық дереккөзі

37 жолаушымен Qazaq Air ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонған

Qazaq Air әуекомпаниясының ұшағы Атырауға апатты жағдайда қонған деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz басылымына сілтеме жасап.  Ұшақ Ақтөбеден Бакуге қарай бет алған. Атырауға қону туралы жоспар мүлде болмаған. «37 жолаушысымен ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 19:21-де қонды. Аяқастынан ұшақтың қонуына іштегі жолаушының бірінен қан кетуі себеп болған. Экипаж алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жақын маңдағы әуежайға қону керек деп шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем қызметі келіп алып кеткен», - делінген әуекомпания хабарламасында. Дәл қазір жолаушының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.