Абай облысында 7 жасар бала автобус есігіне қысылып қалған

Абай облысында 7 жасар бала автобус есігіне қысылып қалған

Абай облысында 7 жасар бала автобус есігіне қысылып қалған
ашық дереккөзі
Абай облысында 7 жасар баланың басы автобус есігіне қысылып қалған деп хабарлады turkystan.kz.
«Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді», - делінген хабарламада.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Абай облысы ПД 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Айта кетсек, аталған бап 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуді қарастырады.