Риддердегі жылу орталығынан тағы ақау шықты

Риддердегі жылу орталығынан тағы ақау шықты

Риддердегі жылу орталығынан тағы ақау шықты
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу электр орталығындағы жаңа қондырғы істен шықты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға салдарынан кеше риддерліктердің үйлері тағы да суып кетті. Аталған қондырғы осыдан бірнеше апта бұрын өрт шыққаннан кейін қайта қалпына келтірілген көмір трактына орнатылған болатын.
«5 ақпанда 2 конвейер таспасын көтеретін барабан қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін №1 қазандық қондырғысы қосымша қыздырылды», - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.