СДУ талапкерлерге 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады

СДУ талапкерлерге 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады

СДУ талапкерлерге 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады
ашық дереккөзі
Сулейман Демирель атындағы университет еліміздің барлық аймағындағы білімді де алғыр жастарға 4 жылдық оқу гранттары мен жеңілдіктер бөліп отыр деп хабарлады turkystan.kz. Осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отырған олимпиадаға еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында бір уақытта өткізілетін болады. Биыл да өз жалғасын тапқан игі бастама арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектеп пен колледж түлектерін арнайы SPT олимпиадасы арқылы іріктеп, озық шыққан жастарға жалпы саны 297 оқу гранты мен жеңілдік ұсынады. Айта кетейік, SPT (SDU Proficiency test) – Сулейман Демирель Университеті ұйымдастыратын Қазақстанның барлық мектеп пен колледж түлектеріне арналған. Негізгі мақсаты – талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиада да әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша (Физика, География, Химия-биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, АҚҚ, Биология, Тарих, Информатика)  өз білімін көрсете отырып, СДУ-дің ішкі гранты мен жеңілдіктеріне ие бола алады. Биылғы жылы Олимпиада екі кезеңнен тұрады. І кезең – онлайн (50 логикалық сұрақ), ІІ кезең – офлайн (таңдау пәні бойынша 100 сұрақ).