Теміртауда балабақша медбикесі мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескен (ВИДЕО)

Теміртауда балабақша медбикесі мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескен (ВИДЕО)

Теміртауда балабақша медбикесі мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Желіде Теміртау қаласындағы балабақшада медбике мен тәрбиеші көмекшісінің төбелескен видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап. Оқиға «Әдемі» балабақшасында 30 қаңтарда болған. Медбике тәрбиешінің көмекшісімен жанжалдасқан. Олар балалардың көзінше бейәдеп сөздер айтып, төбелескен. Үйге келген соң балалар болған оқиғаны айтып берген. Ата-аналар медбикені жұмыстан шығаруды талап етіп отыр.
«Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Әдемі» балабақшасының әкімшілігі Теміртау қалалық полициясының Шығыс бөліміне әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды», – деді білім бөлімінің өкілі.