Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау аяқталғаны рас па?

6 ақпан, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау аяқталғаны рас па? Бүгін Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау бастала салысымен тоқтатылды деп хабарлады turkystan.kz. Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданды. Алайда қазір сайт ашылмай тұр. Осыған дейін платформада 761 өтініш беруші тіркелгеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылатыны хабарланған болатын.