4 өңірде ескерту жарияланды

4 өңірде ескерту жарияланды

4 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМКҚ төрт аймақтың ауа райына қатысты ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің дерегінше, 4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.
«Сондай-ақ температураның күрт жоғарылауына байланысты қар мен мұздың тез еруі, беткейден су ағыны және өзен деңгейлерінің көтерілуі ықтимал. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», – делінген хабарламада.
Ал ТЖМ азаматтарға өз үйлерінің аула аймақтарын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан уақтылы тазарту қажеттігін еске салады. Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 телефонына хабарласу қажет.