«Қазақстан халық конгресі»: Олжас Сүлейменов партия төрағасы болды

«Қазақстан халық конгресі»: Олжас Сүлейменов партия төрағасы болды

«Қазақстан халық конгресі»: Олжас Сүлейменов партия төрағасы болды
ашық дереккөзі
Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1500-ге жуық делегат келді. Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді. Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды. Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.