Жаңалықтар

Алматыдағы саудагерлер метрополитенді қала шекарасынан ұзартуды сұрайды

ашық дереккөзі

Алматыдағы саудагерлер метрополитенді қала шекарасынан ұзартуды сұрайды

«AMANAT» белсенділері партияның сайлауалды бағдарламасы үшін мегаполис тұрғындарынан ұсыныс-тілектерді жинау жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен, журналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай мен Алматы аманаттықтары қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. Белгілі болғандай, бұл жерде нарықтағы өнімдердің құны айтарлықтай төмен. «Бізде бағалар қолжетімді. Біз тауардың үстіне ең көбі 100 теңге қосамыз. Бұл қымбатшылыққа саналмайды, біздің де нан табуымыз қажет қой. Барлығымыз Алтын ордадан азық-түлік сатып аламыз, міне, сол жерде бағаны көтеру бойынша тексеріс жүргізу керек еді. Бензиннің бағасы жоғары және кептеліс, мұның бәрі бағаның өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, қазір пәтерлердің құны біз үшін қымбат, егер бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдіктер болғанда, көбісі үйлі болар еді», - дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері.