Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф қайтыс болды

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
ашық дереккөзі
Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф Дубайдағы ауруханада ұзаққа созылған ауруынан қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Пәкістан әскери күштері 2008 жылы биліктен шеттетілген 79 жастағы Мушарраф қайтыс болғанын растаған. Ол 2013 жылы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Алайда, экс-президент Дубайға қашып үлгерді, онда ол ұзақ уақыт эмиграцияда өмір сүрді. Первез Мушарраф 2003-2005 жылдар аралығында үш қастандық әрекетінен аман қалған. Пәкістан әскерінің, флотының және әуе күштерінің бас қолбасшылары оның қазасына көңіл айтты. Первез Мушарраф 2001 жылдан 2008 жылға дейін Пәкістан президенті қызметін атқарды.