Оралда жантүршігерлік жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мерт болды

5 ақпан, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Оралда жантүршігерлік жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мерт болды Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап. 5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жігіт 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.