Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды

Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды

Күләш Байсейітованың қызы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Күләш Байсейітованың қызы Қарлығаш Қанабекқызы 83 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Бүгін Алаштың бұлбұлы, қазақ операсының негізін қалаған Қанабек Байсейітов пен Күләш Бейсейітованың қызы 83 жасына қараған шағында өмірден озды. Қарлығаш Қанабекқызы өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстанның кәсіби музыкалық өнері мен театрымыздың пайда болуы туралы баға жетпес тарихи деректермен жомарттықпен бөлісе отырып, ата-анасы жайлы естеліктерді жадында сақтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңізді, мейірімділігіңіз бен шынайылығыңызды, айналаңыздағы адамдардың тағдырына және музыкалық өнердің тарихи мұрасына бей-жай қарамауы біздің жүрегімізде мәңгі жадымызда сақталады», - делінген театрдың көңіл айту хатында.