Полиция инсульт алған қарт ананы құтқарды

Полиция инсульт алған қарт ананы құтқарды

Полиция инсульт алған қарт ананы құтқарды
ашық дереккөзі
Ақмолалық полиция қызметкері инсульт алған қарт ананы құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz ІІМ-не сілтеме жасап. Оқиға 4 ақпан күні Егіндікөл ауылында болды. Учаскелік инспектор Нұрсұлтан Қаратаевқа жергілікті тұрғын Людмила Иващенко хабарласып, оның қарт көршісі екінші күн үйінен шықпай жатқанын айтқан. «Полиция қызметкері дереу көрсетілген мекенжайға келіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін ол үйдің есігін ашып, еденде ес-түссіз жатқан қарияны көреді. 81 жастағы зейнеткер инсульт алып, дәрігерлерді өздігінен шақыра алмаған болып шықты» деп жазды ведомстводан. Қазір қария ауруханада, оған қажетті көмек көрсетілуде.