Парашаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа қызметтік пәтер берілді

Парашаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа қызметтік пәтер берілді

Парашаңғыдан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа қызметтік пәтер берілді
ашық дереккөзі
Бүгін Петропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан паратлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым» деп жазды әкім Айдарбек Сапаров. Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды. Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды. Айта кету керек, бұл - Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде.