Қазақстандық «Барыс» мәскеулік «Динамодан» жеңілді

Қазақстандық «Барыс» мәскеулік «Динамодан» жеңілді

Қазақстандық «Барыс» мәскеулік «Динамодан» жеңілді
ашық дереккөзі
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді деп хабарлады  turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Турнир кестесінде командалар жағдайы әртүрлі. Ресейлік алдыңғы бестікте келе жатса, қазақстандық команда әзірге плей-офф сатысына шығатын ұжымдар қатарына кіре алмай жүр. Сол себепті «Барыс» үшін әрбір ойында жеңіске жетудің маңызы артып тұр. Кездесу барысында есепті қазақстандық Никита Михайлис 6-минутта ашқан еді. Одан кейін «Динамо» хоккейшісі Джордан Уил 8-минутта таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау тапты. Алдымен ресейлік Максим Джиошвили 24-минутта «Динамоны» алға шығарса, оған қазақстандық командадан Дмитрий Шевченко 29-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 38-минутта Егор Мартынов ресейлік клубты тағы да алға шығарды. Осылайша, елордалық клуб қарсыласына 2:3 есебімен жол берді. Енді «Барыс» алдағы ойынын Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.