Елордалықтар бір жылда дәріге 17 млрд теңге жұмсаған

Елордалықтар бір жылда дәріге 17 млрд теңге жұмсаған

Елордалықтар бір жылда дәріге 17 млрд теңге жұмсаған
ашық дереккөзі
2022 жылы астаналықтар 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды деп хабарлады turkystan.kz әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Астана қаласында 207 663 пациент 939 274 тегін рецепт бойынша 17, 02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. «Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен - 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 645 бала, т.б. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Коронавирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2022 жылдың 1 қаңтар – 31 желтоқсаны аралығында 79,4 млн теңге сомасына 32 147 рецепт бойынша 22 856 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1; COVID-19 коронавирус, вирус анықталмаған (U07.2) және COVID-19 коронавирус инфекциясы U07.1, U07.2 диагноздары бойынша 52 млн теңгеден аса сомаға 8 858 рецепт бойынша 6 524 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.