Жаңалықтар

Президент Тараздағы қолөнершілер көрмесіне барды

ашық дереккөзі

Президент Тараздағы қолөнершілер көрмесіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніндегі Жамбыл өңірі қолөнер шеберлерінің көрмесіне барды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент «Шебер шаңырақ» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық бірлестігі, «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнер шеберлерінің қауымдастығы, «Жамбыл облысы қолөнершілер одағы» қоғамдық бірлестігі, Асыл-Дизайн» сән үйі және басқа да ұйымдар шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалады. Көрмеге 29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.