Жаңалықтар

Астанада baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті

ашық дереккөзі

Астанада baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті

Астана қаласында baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті деп хабарлады turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Сайтты ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы жасап шығарды. Онда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянынан бөлек, көптеген айдарлар бойынша мол мәлімет алуға болады. Олардың арасында – «Әліпби және емле», «Оқулықтар», «Мақалалар», «Хаттар», «Өлеңдер», «Аудармалар», «Қанатты сөздер», «Құжаттар», «Ахметтану» сынды рубрикалар бар.