Тараз әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Тараз әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Тараз әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары қамауға алынды
ашық дереккөзі

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрыңғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде деп хабарлады turkystan.kz.

«Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды», - делінген хабарламада.

Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.