Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі мәресіне жетті

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі мәресіне жетті

Астана қаласында «AMANAT» партиясы қолға алған «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі өз мәресіне жетті. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында өткізілген іс-шарада биыл туғанына 130 жыл толып отырған алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың есімі ұлықталды. Өз кезегінде, алаштанушы, PhD докторы Алма Сайлауқызы ақынның білім саласына қосқан үлесін тілге тиек етті. «Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі…» дейді Мағжан Жұмабаев. Яғни, алаш ардақтысы тек ақын, ұлт қайраткері ғана емес, ең алдымен ол ұрпақ болашағына алаңдаған азамат. Соның жарқын дәлелі ретінде тарихта оның «Педагогика» сынды құнды ғылыми еңбегін қалды. Оны қазақтың дүниетанымына сай етіп ұсынды. Халқымыздың рухани, табиғи, мәдени ерекшелігін ескерді», – деді ғалым.