Жаңалықтар

Ерлан Қошанов: «AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов: «AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды

«AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты деп хабарлады turkystan.kz. «AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдар конференцияларының қорытындысы бойынша, партиядан облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының мәслихаттарына тізімдер бекітілді. Сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттарға бірмандатты округтер бойынша кандидаттар ұсынылды. Жалпы, «AMANAT» партиясы өз кандидаттарын барлық депутаттық мандатқа, яғни барлық деңгейдегі 223 мәслихатқа ұсынады. Осылайша, жаңа сайлау заңнамасына сәйкес партиялық тізімдер бойынша 740 адам және бірмандатты сайлау округтері бойынша 3081 адам ұсынылды. Барлығы 3821 үміткер. Партиялық тізімдерде 20 өңірлік мәслихатта «жаңа есімдердің» үлесі – 75%-ды құрайды. Оның ішінде әйелдер – 31%, 29 жасқа дейінгі жастар – 23%. Үміткерлердің орташа жасы – 46. Олардың арасында кәсіпкерлік, білім және ғылым, азаматтық сектор, ауыл шаруашылығы, мәдениет, денсаулық сақтау және БАҚ саласының өкілдері басым», - деді партия төрағасы.