Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің аспабы қалып кеткен

Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің аспабы қалып кеткен

Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің аспабы қалып кеткен
ашық дереккөзі
Елордалық келіншек қалалық №6 емхананың тіс дәрігерінің салғырттығына шағым білдірді деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, ол екі жыл бұрын тісін №6 қалалық емханада емдеткен. Алайда соңғы кездері емдеткен тісі ауырып маза бермеген соң, басқа дәрігерге көрініп, тісін рентгенге түсірген.
«Екі жыл бұрын Астана қаласының №6 поликлиника стоматологына тісімді емдеттім. Кейінгі айларда сол тісім мазалап қайта ауыртқан соң рентгенте түсірдім. Тісімді емдеу барысында тіс түбірінің ішінде 1 инструмент қалып кеткенін көрдік, оның бетін пломбамен жауып қоя салған екен», – деп шағымданады ол.
Пациент емхананың тіс дәрігеріне аталған жайт туралы айтып, оның ұялы телефонына хабарлама жіберген. Әйелдің айтуынша, дәрігері өз қателігін мойындап отыр. Алайда ешқандай көмек көрсетілмеген.
«Ешқандай реакция жоқ. Бұл тісті емдетуге, сүйекте жатқан инструментті алу үшін операция істелу қажет екен. Моральдық зиянды талап етуді сұраймын. Дәрігерге хабарлассам, тұтқаны алмайды, жазсам, жауап бермейді. Емхана басшылығынан жауап күтемін», – дейді ол.